қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры Беларусь университетінде дәріс оқыды


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында, «Шақырту алған профессор» атты бағдарламасы аясында 2021 жылдың 8-19 қараша аралығында Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінде Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы бөлімінің қауымдастырылған профессоры Абитова Гульбану іс- сапарда болды.

 

Іс сапардың мақсаты: мектепке дейінгі білім беру факультетінің 2 курс студенттеріне дәрістер курсын өткізу, және Қазақстан мен Беларусь мемлекетінің ғылымы мен білімнің даму преспективаларымен алмасу. Бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін Янки Купалы атындағы Гроднен мемлекеттік университетінің ректоры тарих ғылымдарының кандидаты, доцент И.Ф. Китурко, педагогика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ю. Ю. Гнездовский және бала педагогикасы мен психологиясы кафедрасының меңгерушісі Е. В. Чекинамен кездесу өткізді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу