қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2021

«Әрбір студент өз қатарының үздігі, өз елінің үлгісі» Республикалық мерекелік іс-шараcы

 

2021 жылдың 17 қарашасы Халықаралық студенттер күніне орай Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы, кәсіби даярлау бөлім жетекшісі қауымдастырылған профессор Қыяқбаева Ұ.Қ. жетекшілігімен «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының эдвайзерлері аға оқытушылары Төлешова Ұ.Б., Каримова Р.Е., оқытушы Жакупова А.Ж. 1-курс студенттеріне арнап «Әрбір студент өз қатарының үздігі, өз елінің үлгісі» тақырыбында Республикалық мерекелік іс-шара өткізілді.

 

Мерекелік іс-шараның мақсаты онлайн форматта білім алып отырған студенттерді мереке тарихы және кәсіби даярлау бөлім тарихымен таныстыру, бөлім ішілік клубтармен таныстыру арқылы студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру, шығармалықты дамыту. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

 

Мерекелік кеш Педагогика және психология институтының «Ғылым, мониторинг, халықаралық ынтымақтастық» бөлім жетекшісі Дүйсенбаев А.Қ. және «Қоғаммен байланыс және әлеуметтік» бөлім жетекшісі Идирисов Д.Т. құттықтау сөздерімен ашылып, Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы бөлімінің ардагер профессоры Халитова И.Р. және доктор Манкеш А.Е. ақ тілектерімен жалғасты. Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша Атырау қаласы «Дина Нұрпейісова ат.халықтық музыка Академиясы» колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары п.ғ.м., А.С.Нигметованың жетекшілігімен колледж студенттері өздерінің мерекелік ән-шашуын тарту етті. Меркелік кеш студенттердің көңілінен шығып, кеш соңында өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын айтты.

 

   

 

   




Кері оралу