қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2021

Кәсіби бағдар беру- уақыт талабы

 

2021 жылдың 30 қарашасында Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасының» оқытушылары мен Мәншүк Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжімен бірлесе отырып «Кәсіби маман қалыптастыру заман талабы» тақырыбында  Республикадағы іргелі жоғары оқу орындарымен онлайн кездесу ұйымдастырды.

 

Ашық алаңға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасының жетекшісі Қыяқбаева Ұлбосын, Каримова Рәзия,  Толешова Ұлмекен, Еркебаева Сауле, Аубакир Болат болашақ университет түлектеріне мамандық бойынша терең мағұлматтар беріліп, көкейкесті сұрақтарына  жауап берді.

 

Сонымен қатар іс шараға өзге де ЖОО-ның көшбасшылары мен оқытушылары атап айтсақ, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті түлектерге мамандық бойынша мағұлматтар беріп, оқытушы- профессорлар құрамы, материалдық- техникалық базасы, білім алушылардың жетістігі жайлы жан- жақты таныстырылды.

 

Шара соңында бөлім меңгерушісі Назарова Сагидат университет оқытушыларына алғысын білдіріп, барлық бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, келер жылы таңдаған  жоғары оқу орындарына грантқа түсу көрсеткіші нәтижелі, жемісті болатына сенім білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу