Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
03.10.2024
Тәрбиешілер күні тойланды 27 қыркүйекте елімізде мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері күні атап өтіледі. Мерекеге орай 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ «6В01204-Мектепке дейінгі білім беру (IP)» мамандығының 1-3 курс студенттері арасында мәдени-танымдық іс-шара өткізілді. Салтанатты мерекелік шара студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. «Тәрбие-тал бесіктен басталады» тақырыбындағы мерекелік іс-шарада студенттер өз өнерін ортаға салды. Қойылым қойып, әннен шашу шашты.
Іс-шара аясында білім алушылар мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагог-тәрбиеші мамандығының қыр-сырымен танысты. Болашақ маман иелері өздерін жан-жақты, креативті кәсіби тәрбиеші ретінде көрсете алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|