Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
04.03.2025
Шетелдік ғалым әдістемелік семинар өткізді
2025 жылдың 27 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасына Ұлыбританиядан Сассекс университеті білім және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ассистент-профессоры доктор Марселло Старикофф арнайы іссапармен келді. Профессор «The Joy of Not Knowing. Why it`s so good to not know» тақырыбында докторанттар мен магистранттарға қонақтық дәріс өткізді.
Дәрісте автор құнды педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Рефлексия ретінде докторанттар мен магистранттарға практикалық тапсырмалар ұсынылды, онда олар ағылшын тілінде сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
Кездесу соңында Dr. Marcelo Staricoff "The Joy of not Knowing" кітабын мектепке дейінгі білім және әлеуметтік педагогика кафедрасына сыйға тартты.
Профессор Marcello Staricoff-қа құнды ұсыныстар алу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|