Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
05.03.2025
4 курс студенттері өндірістік практикаcының өтілу барысы Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық қызмет жөніндегі проректорының 2024 жылғы №08-5-16/6 бұйрығына сәйкес, Педагогика және психология факультетіне қарасты «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері ағымдағы жылдың 13 қаңтардан бастап өндірістік тәжірибеден өтуде. Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценті п.ғ.к. Г.З.Таубаеваның жетекшілігімен 8 студент Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №96 бөбекжай балабақшада барлық топтарға бөлініп, үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіп, балалармен ойын, топ саяхат ұйымдастырып, т.б әртүрлі жұмыстар жүргізуде.
Өндірістік практика аясында студенттер «Moodle» жүйесіне енгізіліп, күн сайын бағдарламада көрсетілген тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды жүктеп отырады, жүктелген тапсырмаларды практика жетекшісі қадағалап отырады. Практикадан өту барысында студенттер теориялық білімдерінің практикамен байланысын көрсетіп және кәсіби дағдыларын шыңдау үстінде.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|