қазақша · русский · english
 
 
 
05.03.2025

«Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» танымдық дәрісі


2025 жылдың 28 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасына қарасты «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» тақырыбында ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, ардагер-ұстаз Р.Р.Әбішова дәріс оқыды.

 

Дәріс барысында қыз тәрбиесі - ананың ғана емес, ағайын-туыстың, қоғамның, мемлекеттің мәселесі екендігі айтылды. Өкінішке орай кейбір нәзік жандылардың бойындағы жат, жаман қылықтар - болашақ аналар мен ұстаздарға тән қасиеттер еместігі көптеген мысалдармен жеткізілді. Қыз бала - келешек ана, шаңырақтың құт-берекесі екені терең қозғалып, қатысушы білім алушыларға бағыт-бағдар берілді. 

 

Танымдық дәрісте студенттер белсенділік танытып, ұлттық тәрбие, қыз баласының бойында кездесетін әдептілік, сыпайылық, инабаттылық, имандылық тақырыбында дәріскерге сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу