қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2018

 

«Лидерлік және кәсіби лидерлік сапаларды дамытудың технологиялары» семинары

 

2018 жылдың 27 ақпан күні Педагогика және психолгия институтының мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушы Ph.D Анар Алимбекова 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1 курс студенттерімен «Лидерлік және кәсіби лидерлік сапаларды дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбында ашық дәріс және «Лидерлік және кәсіби лидерлік сапаларды дамытудың технологиялары» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Дәріске 34, семинарға 16 студент, сонымен қатар кафедра оқытушылары мен докторанттар қатысты.

 

Өткізілген сабақтардың мақсаты - жеке тұлғалық, лидерлік, кәсіби лидерлік сапалар, ұғымдарын теориялық негіздеу және педагогикалық шарттарын нақтылау. Жеке тұлғалық, лидерлік сапалардың кәсіби лидерлік сапаларға ауысуын түсіндіру. Лидерлік сапалар тұлғаның әлеуметтену үдерісінде қалыптасып, дамитынын және әлеуметтік табыстылық пен лидерлік сапалардың өзара тығыз байланыстылығын түсіндіру. Кәсіби лидерлік сапаларды дамытудың технологияларымен таныстыру. Сонымен қатар кәсіби лидер құндылықтарының жүйесін қалыптастыру шығармашылық белсенділік, шығармашылық ынта, комуникабелділік, коммуникативтілік, жауапкершлік, мақсаттылық, ізгілік, парыздылық, ізденушілік, жинақылық, жариялылық, зиялылық, байқампаздық, парасаттылық, шынайылық, үйлестіруші, кәсіби бедел, ұйымдастырушылдық, жасампаздық, өзін-өзі басқару сапаларын дамыту.

 

Іс-шара барысында студенттер сабаққа жоғары қызығушылық танытты. Семинар сабағы дәріс сабағының логикалық жалғасын құрады. Дәрісте қамтылған жаңа материалдардың игерілуі семинарда сыни тұрысынан ойлау технологиясын пайдалану негізінде жүзеге асты. Студенттер сабақта жоғары белсенділік танытты. Рефлексивтік іс-әрекет студеттерге өзіндік талдау кезінде жеке дара ерекшеліктерін, лидерлік сапаларын тануына мүмкіндік туғызды.

 

       

 

       

 

       




Кері оралу