қазақша · русский · english
 
 
 
14.03.2025

Абай университетінің білім алушысы балабақшада авторлық бағдарламасын сынақтан өткізді


«Білім беруді цифрландыру жағдайында өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтаудың инновациялық технологиясы ретінде ертегі терапиясындағы интегративті тәсіл» жобасының ғылыми қызметкері, Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының білім алушысы Анита Мурзакова балабақшада авторлық бағдарламасын сынақтан сәтті өткізді.


Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары үшін Абай Құнанбаевтың «Толық Адам» тұжырымдамасы негізінде «Ертегіде қонақта» ертегі терапиясы курсының бағдарламасын сынақтан өткізуге «Академиктер» балабақшасының директоры Флора Ризайденова, тәрбиеші Фарида Хайбулина қатысты.


Бағдарламаның авторлары мектеп жасына дейінгі балалардың әл-ауқатына ықпал ететін авторлық ертегілер жазған - Рысты Мукажанова, Анита Мурзакова, Айгуль Ахметова. Бағдарламада интегративті ертегі терапиясының әдіснамалық тәсілдемелерді, ертегілерді, оқиғаларды, өсиет әңгімелерді қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар ұсынылған және толыққанды үйлесімді тұлғаның дамуына ықпал ететін инновациялық технология ретінде интегративті ертегі терапиясының маңыздылығы ашылады.

 

  alt=  

 

  alt=   




Кері оралу