Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
27.03.2025
Абай университетінің магистранттары Стамбул университетінде (Түркия) ғылыми-практикалық тағылымдамадан өтті 2025 жылдың 10 мен 23 наурызы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «7M01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс магистранттары Стамбул университетінде (Түркия) ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті.
Бағдарлама аясында профессор Nilgün Çil қатысушыларды Стамбул университетінің құрылымымен, білім беру бағдарламаларымен және ғылыми қызметімен, бірқатар презентациялармен таныстырды. Білім алушылар үшін арнайы экскурсиялар ұйымдастырылып, магистранттар оқу процесін зерттеді, дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысты, сондай-ақ Ыстамбұл студенттерінің күнделікті өмірімен танысты.
Тағылымдаманың маңызды бөлігі университет тарихын кеңінен білу, педагогиканың өзекті мәселелерін талқылау және пікір алмасу болды. Қатысушылар өздерінің кәсіби көкжиектерін кеңейтіп қана қоймай, шетелдік білім беру жүйесімен өзара іс-қимылдың құнды тәжірибесіне ие болды.
Тағылымдаманың соңында барлық магистранттарға сертификаттар табысталды. Ғылыми тағылымдама олардың кәсіби дамуындағы маңызды кезең болды және халықаралық академиялық ынтымақтастыққа деген қызығушылықтарын арттырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|