«Оқиға еріктілігі» ашық практикалық (семинар) сабағы
2025 жылдың 28 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті «6В01801 - Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес 2 курс студенттеріне «Еріктілік жұмыс негіздері» оқу пәнінен п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гулбахира Ширинбаева «Оқиға еріктілігі» тақырыбында ашық практикалық (семинар) сабағын өткізді.
Семинардың мақсаты - Блум таксономиясы (Blooms Taxonomy) әдіснамасы идеясын қолдану арқылы оқу материалын білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейінде жүзеге асырылды. Оқиға еріктілігі-бұл тим-лидер бастаған еріктілер командасының жұмысын білдіретін мега-іс-шаралардағы ұжымдық қызмет. Оқиға еріктілігі-бұл ең алдымен мемлекетке қызмет ету.
Осыған байланысты жаңа тақырыпты теориялық тұрғыдан жариялау оқиғалық еріктілік туралы бейнеролик көрсетумен эвристикалық әңгіме түрінде ашылды, онда: «Оқиға еріктілігінің мемлекетке қызмет етудегі маңызы», «Оқиға еріктілігіндегі тим-лидердің рөлі» өзекті мәселелер талқыланды. Семинардың практикалық түрі Блум таксономиясы бойынша үлестірме материал аясында: ақпарат көздерімен жұмыс, практикалық мәселелерді шешу, кейсті, нақты жағдайды талдау, шығармашылық шағын топтағы ұжымдық талқылау, тренинг, іскерлік ойын ресурстарын қолдана отырып ұйымдастырылды. Кері байланыс алу үшін кестені толтыру арқылы қоғамдық ортада оқиға еріктілігін іске асыру жағдайы бойынша SWOT-талдау жүргізілді. Оқыған материалды бекіту кезінде студенттер іскерлік ойынға қатысты, оның барысында олар нақты еріктілер іс-шарасының үлгісіне еніп, алған білімдерін тәжірибеде қолданды. Соңғы кезеңде студенттер алған білімдерін практикада қолданудағы жетістіктерін дербес бағалады, сондай-ақ базалық қасиеттердің ғана емес, сонымен қатар мотивациялық-құндылық көзқарастарының өзгеру динамикасын анықтады.
Ашық сабаққа мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: Манкеш Ақсәуле, Таубаева Ғалия, Айтпаева Алма, Азимбаева Дариға, Каримова Рәзия, Атемқұлова Нәзира, Абылбакиева Ғалия қатысты.




