Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
01.04.2025
Инженерлік ойлау қабілетті ерте жастан дамыту мәселесі әдістемелік тұрғыда талданды 2025 жылдың 31 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес п.ғ.м., оқытушы А.А.Ауезова 3 курс студенттеріне «Жобалау әрекетінің негіздері» оқу пәнінен ашық семинар сабағын өткізді.
Семинарда студенттер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды трансформациялауға әсер еткен факторларды талдап, қазіргі балалардың робот жасау дәуірінде өмір сүруіне сәйкес инженерлік ойлау қабілетті ерте жастан дамытудың маңыздылығын әдістемелік тұрғыда талдады. Студенттер аталған мақсатта жоба қорғап, шығармашылық құрастыру бойынша әзірлеген өз өнімдерімен таныстырды. Студенттер инженерлік ойлауды ерте жастан дамытудың маңыздылығын түсініп, МДҰ-да құрастыру әрекетін ұйымдастырудың әдістемесін меңгерді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|