Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
07.04.2025
Денсаулық – болашақ бақытты өмірдің кепілі 2025 жылғы 3 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «Денсаулық - болашақ бақытты өмірдің кепілі» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараға 6В01801 - Әлеуметтік педагогика және 6B01201 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мамандықтарының 1-4 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Дәрісті Қазонкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының эксперт дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Арайлым Серікқалиқызы Аккасова жүргізді.
Дәрістің негізгі мақсаты - қыздар мен әйелдердің денсаулығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, әйелдердің физиологиялық және психологиялық өзгерістері жайлы кешенді білім беру, сондай-ақ қатерлі аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру болды. Сонымен қатар, қатысушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру көзделді.
Дәріс барысында тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, медициналық және гигиеналық кеңестер ұсынылды. Іс-шараның қатысушылары тақырыпқа қызығушылық танытып, ашық пікір алмасу барысында жаңа пайдалы мәліметтер алды.
Іс-шараны ұйымдастырушы кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ұлболсын Қыяқбаева мен профессор-оқытушылар құрамы Анар Алимбекова және Асем Булшекбаева болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|