қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2025

Цифрлық ортада мектеп жасына дейінгі ересек балалардың киберқауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру


2025 жылдың 7-сәуірінде «Ғылым декадасы -2025» аясында «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2- курс докторанты Жанна Асанханова, жетекшілері Ұлбосын Кыякбаева, Асем Булшекбаевамен «Цифрлық ортада мектеп жасына ересек балалардың киберқауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында Медеу ауданы, №107 бөбекжай-балабақшасында семинар-тренинг өткізді.

 

Семинар-тренинг мақсаты - цифрлық технологияларды белсенді қолдану жағдайында мектеп жасына ересек балалардың киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдістерімен таныстыру және тәжірибе алмасу.

 

Іс- шара аясында педагогтердің сауалнама алынып, балалардың интернетте қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту жолдары, киберқауіптерден сақтандырудағы ойын технологияларының рөлі, тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысының маңызы, балалардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру әдістері қарастырылды.

 

Іс - шара соныңда киберқауіпсіздік негіздері тақырыбында тәрбиешілерге жадынама таратылып, тәрбиешілермен кері байланыс жұмыс жүргізілді. Балабақша меңгерушісі Майя Нусипалиева ризашылығын білдіріп, болашақта жалғасын табуға ниетін білдірді.

 

Бұл семинар - тренинг мектепке дейінгі білім беру саласында цифрлық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу