Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
15.04.2025
«Цифрлық кеңістіктегі экологиялық проблемалар» атты ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы 2025 жылдың 8 сәуірінде профессор «А.Е.Манкештің 70 жас мерейтойына арналған Халықаралық форум» аясында Педагогика және психология факультетінде Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Г.Т. Абилбакиеваның ұйымдастыруымен «Цифрлық кеңістіктегі экологиялық проблемалар» атты ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты - жастарды педагогикалық ғылыми мәселелерді шешуге, зерттеуге қызықтыру, қоғамдағы экологиялық маңызды ресурсы ретінде жастардың ғылым туралы түсініктерін кеңейту, қатысушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларын қолдау, экологиялық ойлау қабілетін дамыту және тұрақты даму идеяларын насихаттау.
Конкурсқа кафедраның 2 курс Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттері қатысты. Жалпы қабылданған жиырмаға жуық педагогикалық жобалар ішінен 3 жұмыс іріктеліп, қазылар алқасына ұсынылды. Конкурстың нәтижесі қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей бағаланды:
ІІ орын - Марат Айдана Айдынқызы (ғылыми жетекші: п.ғ.м., аға оқытушы Азимбаева Д.К ); ІІІ орын - Нағыметтула Аянат Болатқызы (ғылыми жетекші: : PhD, қауым.профессор м.а Еркебаева С.Ж ).
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|