қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2025

«Әлеуметтік психологиядағы теориялық және қолданбалы білімдердің ара-қатынасы» ашық дәрісi


2025 жылдың 21 сәуірінде мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының философия докторы (PhD) қауымдастырылған профессор м.а. Асем Булшекбаева «Әлеуметтік психология» пәні бойынша «Әлеуметтік психологиядағы теориялық және қолданбалы білімдердің ара-қатынасы» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

 

Дәріс 6В01801 - «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен жүргізілді.

 

Ашық дәрістің мақсаты - білім алушылардың әлеуметтік психологиядағы теориялық ұстанымдар мен оларды қолданбалы салаларда пайдалану жолдарын меңгеруін қамтамасыз ету, кәсіби ойлауын дамыту және теорияны нақты әлеуметтік жағдайларда сараптау біліктілігін қалыптастыру.

 

Ашық дәріс әлеуметтік психология ғылымының теориялық тұғырлары мен оларды кәсіби тәжірибеде қолдану тетіктерін терең талдауға бағытталды. Теориялық білімдердің әлеуметтік шындықпен өзара байланысы, психологиялық әдістердің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетке ықпалы ғылыми негізде баяндалды. Лектор әлеуметтік таным, стереотиптер, әлеуметтік рөлдер, әлеуметтік мінез-құлық, топішілік және топаралық қарым-қатынас секілді ұғымдарды нақты ғылыми тұжырымдамалармен және практикалық мысалдармен ұштастыра отырып түсіндірді.

 

Дәрістің ғылыми мазмұны әлеуметтік психологиядағы басты теориялық бағыттарды - когнитивтік, бихевиористік, психоаналитикалық, гуманистік және әлеуметтік-мәдени тәсілдерді қамтыды. Сонымен қатар, білім алушылар қолданбалы әлеуметтік психология саласында - отбасылық кеңес беру, ұйымішілік коммуникация, девиантты мінез-құлық профилактикасы, көшбасшылық феномені және тимбилдинг секілді аспектілермен танысты. Бұл студенттердің болашақта кәсіби міндеттерін ғылыми-әдіснамалық негізде шешуге мүмкіндік береді.

 

Дәріс интерактивті форматта өтті: студенттермен бірге өмірлік жағдаяттар талданып, теориялық білімнің практикада қаншалықты тиімді қолданылатыны көрсетілді. Сонымен қатар, студенттер арасында шағын пікірталас ұйымдастырылып, кәсіби ой-пікір алмасуға мүмкіндік жасалды. Дәріс мазмұны тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, білім алушылардың рефлексивті ойлауына серпін берді.

 

Ашық дәріске қатысқан оқытушылар дәрістің құрылымы, мазмұндық өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы мен әдістемелік әдіс-тәсілдеріне жоғары баға берді. Бұл сабақ жас мамандарды кәсіби әлеуметтендіруге, әлеуметтік шындықты ғылыми тұрғыда сараптауға баули отырып, олардың коммуникативтік және аналитикалық құзыреттерін жетілдіру бағытында кәсіби дамуға серпін беретін маңызды тәжірибе болды.


  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

 




Кері оралу