Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
23.04.2025
«Шексіз талант» мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтерінің VII қалалық шығармашылық фестивалі 2025 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтеріне арналған «Шексіз талант» VII қалалық шығармашылық фестивалі Медеу ауданына қарасты «№125 бөбекжай-бақша» КМҚК базасында қалалық фестивальдің іріктеу кезеңі өтті. Аталған шараға 44 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымынан 284 педагог қатысты.
Қазылар алқасының құрамына Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің шығармашылық мамандықтарының профессор-оқытушылар құрамы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіподақ ұйымының мүшелері мен ата-аналар қоғамдастығының өкілдері кірді.
Фестивальдің мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары педагогтерінің кәсібилігі мен мәртебесінің көтеруге, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
Аталған фестивальға Абай атындағы ҚазҰПУ-нің меморандум аясында қазылар алқасында төрелік еткен профессор оқытушылар п.ғ.к., профессор Алма Айтпева және п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Назира Атемкулова фестиваль катысуларына әділ бағаларын беріп кәсіби маманың қыры мен сырын талқылады.
Қатысушылар Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» өлеңін мәнерлеп оқыды, Жеңіс туралы әндер шырқалды, «Ұлы Жеңіс әуендері» тақырыбында аспаптық шығармалар орындалды, би қойылымдары ұсынылды, қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен Жеңіске қосқан үлесі жайлы бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген жеңіс пен ерліктің рәміздерін жасады.
Қатысушыларды қолдап, педагогтердің өнерінен ләззат алу үшін балабақшалардан жанкүйерлер де келді.
Қазылар алқасы әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтап, келесі марапаттарды тағайындады: Гран-при, І орын, ІІ орын, ІІІ орын.
Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздарға олардың кәсіби шеберлігін растайтын дипломдар табысталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|