Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
24.04.2025
Абай университетінің студенттері XVII Республикалық пәндік олимпиадада 3 орынға ие болды 2025 жылдың 22 мен 23 сәуірінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «6В01202-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі ұлттық құндылықтарды қолдану ерекшеліктері» атты ХVІІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Республика бойынша он екі ЖОО-ның студенттері сынға түскен олимпиадаға Абай атындағы ҚазҰПУ-дан «АВАІ Stars» тобы қатысты.
Командалық есепте «Abai Stars» командасы 3-ші орынға ие болып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Басқарма төрағасы - ректор Бейбіткүл Кәрімованың арнайы дипломымен марапатталды.
Жетекші - мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының философия докторы (PhD) қауымдастырылған профессор м.а. Ғалия Абилбакиева.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|