қазақша · русский · english
 
 
 
30.04.2025

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы ғылыми-тәжірибелік дәрістер


2025 жылдың 23-30 сәуірі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында халықаралық ынтымақтастық аясында бірқатар ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Инновациялық технологиялар университетінің (Нүкіс, Өзбекстан) мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Райхан Нуржанова арнайы «7М01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы магистранттарына арналған «Цифрлық педагогика және мектепке дейінгі білім берудегі когнитивтік технологиялар» пәні аясында қонақтық дәріс өткізді. Өзінің мол ғылыми-педагогикалық тәжірибесін бөліскен ғалым дәріс барысында мектепке дейінгі білім беру саласына цифрлық және когнитивтік технологияларды енгізудің өзекті мәселелері мен жаңа тәсілдерін кеңінен талқылады.

 

Сонымен қатар педагогика және психология кафедрасының ассистент-оқытушысы Сарбиназ Бисекова «6В01204 - Мектепке дейінгі білім беру» (IP) бағдарламасының студенттеріне арналған «Мектепке дейінгі психология бойынша практикум» пәнінен дәрістер мен тәжірибелік тренингтер жүргізді. Сабақ барысында студенттердің практикалық машықтарын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар мен тренингтік әдістер қолданылды.

 

Дәстүрлі инженерия және сандық экономика кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, доцент Гүлбахар Изетаева да осы іс-шаралар шеңберінде магистранттармен жұмыс жасап, «Цифрлық педагогика және мектепке дейінгі білім берудегі когнитивтік технологиялар» пәнінен практикалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында білім алушылар заманауи сандық технологиялар мен когнитивтік әдістерді меңгеріп, өз дағдыларын тәжірибе жүзінде шыңдады.

 

Аталған ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының халықаралық байланыстарын нығайтуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті. Іс-шара нәтижесінде білім беру үдерісінде цифрлық педагогика мен когнитивтік технологияларды қолданудың инновациялық тәжірибесімен алмасу мүмкіндігі туындады.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  





Кері оралу