Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
05.05.2025
«Мектеп оқушылары арасындағы буллингті алдын алу» мектеп оқушылары арасындағы қалалық байқаудың үшінші кезеңі
2025 жылғы 30 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы ұйымдастырған «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің өндірістік (педагогикалық) практикасы аясындағы қорытынды іс-шара ретінде «Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әлеуметтік көшбасшылық» атты қалалық байқаудың үшінші кезеңі №173 мектеп-лицейінде өткізілді.
Байқаудың үшінші кезеңінің мақсаты - мектеп оқушыларына буллинг құбылысы туралы түсінік беру, оның алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, оқушылар арасында сыйластық пен жанашырлық сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ көшбасшылық әлеуетін дамыту арқылы буллингтің алдын алып, жәбірленуші оқушыларды қолдайтын құрдастар санын арттыру.
Іс-шараның ашылу салтанатында №173 мектеп-лицей директоры Ләйля Байымбетова тақырыптың өзектілігіне тоқталып, баланың сәтті әлеуметтенуінде университет, мектеп және отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ұйымдастырушыларға, қолдаушыларға және қатысушы оқушыларға ризашылығын білдірді.
Іс-шара «Free teens» және «Жігер» (9-сынып), «Жанашыр жастар» (5-сынып) атты үш команда арасында өтті. Команда мүшелері «Буллингті болдырмау: буллинг салдарын алдын алу және қауіпсіз орта құру», «Буллингсіз мектеп: қауіпсіз орта - бақытты бала», «Буллингке жол жоқ!» тақырыптарында бейнероликтер түсіріп, жобалар қорғап, театрландырылған қойылымдар көрсетті.
Байқау жеңімпаздары 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, шығармашылық жұмыстардың ерекшелігі ескеріліп, «Үздік қойылым», «Үздік жоба» және «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша арнайы марапаттар табысталды.
Командаларға жетекшілік еткен «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері практика барысында кәсіби білімдерін, шеберліктерін, ұйымдастырушылық және басқарушылық құзыреттерін көрсете білгендері үшін мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. Байқау болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін шыңдауға және практика барысында оларды нақты жағдайда қолдануға мүмкіндік берді.
Практиканттарға кәсіби бағыт-бағдар беріп, оларды сүйемелдеген, этикалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын әділ бағалап, байқаудың сәтті өтуіне жетекшілік жасаған: философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Анар Алимбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Назира Атемкулова және философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Асем Булшекбаева.
Сонымен қатар байқаудың үшінші кезеңінің табысты өтуіне және өндірістік (педагогикалық) практиканың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен тұлғалар: университет және факультет басшылығы, кафедра меңгерушісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ұлбосын Қияқбаева, №173 мектеп-лицей директоры Ләйля Байымбетова, директордың орынбасарлары Гүлмира Дарменбекова мен Жамал Жаппарова, әлеуметтік педагог Назерке Айтбай, сынып жетекшілері Маржан Кучкарова, Жұпар Үрпежанова және Парасат Жүнісова.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|