қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2025

«Тамыры терең – дәстүрлі құндылықтар» қалалық әдістемелік семинар-практикумы


2025 жылдың 28 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс докторанты, «ARAI-KA», ЖШС-ы «ARAIkids» балабақшасының меңгерушісі Кудайбергенова Сулушаш, «ARAIkids» балабақшасының әдіскері-Қуандыққызы Еркеназ, тәрбиешілері-Арапбаева Балнұр, Нурбаева Мейіргүл және кафедра ұжымымен бірлесе отырып, «Тамыры терең - дәстүрлі құндылықтар» тақырыбында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізді.

 

Семинар практикумға кафедраның профессор оқытушылар құрамы: кафедра меңгерушісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қыяқбаева Ұлбосын, п.ғ.к., доцент Таубаева Ғалия, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Алимбекова Анар, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Атемкулова Назира, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Булшекбаева Асем, п.ғ.м., оқытушы Ауезова Айжан және Алматы қаласы, Медеу ауданы, «Rani» ЖШС-ы «Rani» балабақшасының әдіскері-Бегимбетова Баян мен тәрбиешілері Ченгельбаева Жулдыз, Абзейтова Жанар, Самыратова Гулмира және Өзбекстан республикасы, Ферғана мемлекеттік университетінің (PhD) оқытушылары Ашурова Ойгул, Сайдова Нигора және «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс докторанттары қатысты. Олар 1 курс докторанты С.Қ.Кұдайбергенованың теориялық алған білімін тәжірибемен ұштастыруына ықпал етіп, семинар соңында өзара пікір алмасты.

 

Семинар-практикумның мақсаты: Балаларға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, олардың танымдық қабілетін ашып, өз-өзіне сенімді жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Семинар-практикумның міндеті: әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары, дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға ықпал ету.

 

Семинар-практикумға «ARAIkids» балабақшасының барлық топтары тәрбиешілерімен бірге қатысып, өте жоғары деңгейде өздерінің білім-біліктерін көрсете білді. Барлық қатысушылар жас бүлдіршіндердің өнерлері мен таланттарына дән риза болып, болашақтарына сәттілік тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу