қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2025

Халықаралық дөңгелек үстел: Білім беру бағдарламаларын жобалау тәжірибесі


2025 жылдың 2-мамырда Гази университетінде шетелдік ғылыми кеңесші, PhD Южель Гелишлидің жетекшілігімен «Білім беру бағдарламаларын жобалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Аталған іс-шараға ғылыми тағылымдама аясында Түркия Республикасында білім алып жатқан докторанттар қатысты. Олардың қатарында келесі жоғары оқу орындарының ізденушілері болды: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Түрікменстан, Арабия жоғары оқу орындарының докторанттары.

 

Дөңгелек үстел барысында білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жобалаудың заманауи тенденциялары, академиялық дербестік, білім мазмұнын интернационалдандыру және сапа кепілдігі мәселелері кеңінен талқыланды.

 

PhD Южель Гелишли дөңгелек үстелге қатысушылармен бірге түрлі елдердің білім беру жүйелеріндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, бағдарламалық құжаттарды талдауға және тиімді тәсілдерді бөлісуге басымдық берді.

 

Іс-шара аясында қатысушылар ғылыми идеялармен, практикалық ұсыныстармен бөлісіп, халықаралық білім беру кеңістігіндегі интеграциялық үрдістердің өзектілігін атап өтті.

Дөңгелек үстел нәтижесінде докторанттар білім беру бағдарламаларын жобалауға байланысты құнды тәжірибе жинақтап, кәсіби көзқарастарын кеңейтті.

 

  alt=  

 




Кері оралу