қазақша · русский · english
 
 
 
06.05.2025

Абай университетінің оқытушылары Ферғана мемлекеттік университетінде болды


2025 жылдың 28 сәуір -3 мамыр аралығында Фергана мемлекеттк университетінде (Өзбекстан) Педагогика және психология факультетінің профессорлары Роза Бекмагамбетова «Баланы мектепке даярлау» тақырыбында, Асыл Аренова «Педагог қызметіндегі эмоционалдық интеллект» тақырыбында Философия докторы (PhD) қауымдастырылған профессор м.а., Галия Абилбакиева «Мектепке дейінгі білім берудегі цифрлық технологиялар» тақырыбында қонақ дәрістерін өткізді. Дәріске 1-3 курс «Мектепке дейінгі беру» және «Бастауыш білім беру әдістемесі» мамандығының білім алушылары ерекше қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.


Сондай-ақ кездесуге Ферғана мемлекеттік университетінің Педагогика-психология және Өнертану факультетінің п.ғ.д, профессоры Сохиба Зокирова, Философя докторы (PhD) Илхомжон Солиев, профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында. ғылыми ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  




Кері оралу