Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
13.05.2025
Ғылыми-әдістемелік семинар: Шетелдік кеңесшінің ұйымдастыруымен тәжірибе алмасу 2025 жылдың 12 мамырында Гази университетінде ғылыми тағылымдама аясында «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанттарына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинарды шетелдік ғылыми кеңесші, PhD Айхан Урал ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты - докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу дағдыларын жетілдіру, халықаралық академиялық талаптарға сай зерттеу жүргізу тәжірибесін қалыптастыру.
Семинар барысында төмендегі маңызды тақырыптар қарастырылды: Зерттеу тақырыбын ғылыми негіздеу және мақсатын нақты тұжырымдау; Зерттеу құрылымын құру және әдіснамалық тәсілдерді дұрыс таңдау; Ғылыми жазба мәдениеті, мақалаларды рәсімдеу талаптары; Жоғары импакт-факторлы журналдарға мақала ұсынудың негізгі шарттары.
PhD Айхан Урал докторанттардың зерттеу бағыттарына жеке тоқталып, тәжірибелік кеңестер берді. Тыңдаушылар ғылыми жұмыстарын жетілдіру бойынша пайдалы мәліметтер алып, сұрақтарына нақты жауап алды.
Семинар жоғары ғылыми және ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық пен алғысқа ие болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|