Шәкәрім университетінде қонақ дәрістер
ҚазҰПУ-дың Абай атындағы педагогикалық университеті мен Шәкәрім университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2025 жылғы 12-15 мамыр аралығында Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценті, PhD докторы Гүлбану Әбітова «Мектепке дейінгі тәрбие және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламалары бойынша студенттерге «Мектепке дейінгі білім берудегі қазіргі зерттеулер» тақырыбында қонақ дәрістер өткізді.
Дәріс барысында мектепке дейінгі білім берудегі қазіргі трендтер, болашақ мектепке дейінгі тәрбиешілерді дайындаудың жаңа тәсілдері, сондай-ақ технологиялар мен жасанды интеллекттің ықпалын ескере отырып, әрі қарай даму бағыттары талқыланды.
2025 жылғы 13 мамырда Гүлбану Әбітова «Alikhan Вokeikhan University» білім беру мекемесінде педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұргүл Сұлтанова және кафедра оқытушыларының қатысуымен кездесуге қатысты. Кездесу барысында ҚазҰПУ Абай атындағы педагогикалық университетінің мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасымен одан әрі бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.
2025 жылғы 14 мамырда Семей қаласындағы «Өрлеу» балабақшасында ассоциативті профессор Гүлбану Әбітова және докторант Динара Ердембекова мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Балабақшадағы Реджио-педагогиканың негізгі бағыттары» тақырыбында өткізілген аудандық семинарға қатысты.
Реджио-педагогиканы Семей қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында енгізудің үздік тәжірибелерімен таныстыру мақсатында, мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының докторанты Динара Ердембекованың ғылыми зерттеулері негізінде «Өрлеу» балабақшасының педагогтары шеберлік сабақтарын ұйымдастырды және «Ақ пен қара», «Ғарыштық кеңістік», «Тастардың құпиясы», «Бал ара», «Су асты патшалығы» жобаларын ұсынды, онда тәрбиеленушілер өз жетістіктерін көрсетті.
ҚазҰПУ Абай атындағы педагогикалық университеті, Шәкәрім университеті және Alikhan Вokeikhan University кафедралары арасында меморандумға қол қою үшін одан әрі бірлескен жұмыстың мақсаттары мен міндеттері анықталды, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланды: мектепке дейінгі білім беру саласында бірлескен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін зерттеу топтарын құру; болашақ мектепке дейінгі тәрбиешілерді дайындаудың тиімді әдістемелік механизмдерін әзірлеу; ғалым-зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу; ғылыми тағылымдамалар мен студенттердің академиялық мобилдігін ұйымдастыру. Тараптар меморандум негізінде жоспарланған іс-шаралар мен бірлескен ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының жоғары және мектепке дейінгі білім беру саласын дамытуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.


