Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
10.06.2025
«Балаларға көмектесудің ең тиімді жолы - ата-анасына көмектесу» тақырыбындағы коворкинг 2025 жылғы 27 мамырда Әуезов ауданы, №144 бөбекжай-балабақшасында «Балаларға көмектесудің ең тиімді жолы - ата-анасына көмектесу» тақырыбында коворкинг өткізілді. Мақсаты - балалардың жан-жақты дамуына оңтайлы жағдайлар жасау арқылы қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтенуіне ықпал ету.
Коворкингтің жаңалығы «Ұлттық тәрбие - ұлттық құндылық», «Өсімдіктер әлемі», «Театр әлемі», «Сұлұлық-барша әлемнің жаршысы», «Су асты әлемі», «Мүсін және сурет» және т.б. бөлімдер әдемі безендірілген балабақша ауласынан орын алған. Әрбір топ балаларының ата-аналарымен бірігіп іс-әрекетке түсуі балаларға сенімділік көрсетіп, табиғаттың ғажайып құбылысын сезінуге ықпал етті, қызығушылықтарын арттырды.
Коворкингтің талабына сай демократиялық атмосфера және пайдалы байланыстар жасауға болатын еркін қарым-қатынас балабақшада ата-аналармен біріккен жұмыстың жолға қойылғанын дәлелдейді. Музыка залында ұйымдастырылған тренингтер мамандардың көңілін көтеріп, алдағы еңбек күндеріне шабыт сыйлады. Коворкингке Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ.д, Ақсауле Манкеш және Әуезов аудандық білім бөлімінің әдіскері Гулнар Ноғайсарина, ауданның меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері шақырылды. Аудан, қала көлемінде мұндай семинарлардың ұйымдастырылып тұруы мамандардың біліктілігін көтеріп, баламен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретініне тоқталса, аудан әдіскері №144 балабақша ұжымына ризашылық білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|