қазақша · русский · english
 
 
 
17.06.2025

«Цифрлық қоғам жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту процесінде дағдыларды кіріктіру: мәселелер, шешімдер және келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жоғары білім беру мектебі 2025 жылдың 13 маусымда Астана қаласында «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуының ғылыми-практикалық негіздері» жобасы аясында «Цифрлық қоғам жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту процесінде дағдыларды кіріктіру: мәселелер, шешімдер және келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты - цифрлық қоғам жағдайында балалардың сөйлеуін дамыту мен дағдыларын интеграциялау мәселелері, шешімдері мен келешегі туралы ғылыми-педагогикалық және практикалық тәжірибемен алмасу.


Конференцияны негізгі бағыттары:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық аспектілері
2. Цифрландвру жағдайында дағдыларды кіріктіру - мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың құралы ретінде.
3. Цифрландырылған қоғам жағдайында балалардың сөйлеу тілін дамыту және интеграциялау жұмысына болашақ педагогтерді кәсіби даярлау мәселелері мен болашағы.


Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғалия Таубаева қатысып, «Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамытудағы кіріктірудің маңызы» тақырыбында баяндама жасады.


Конференцияда мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудағы кіріктіре оқытудың маңызы, мектепке дейінгі білім беруді стратегиялық жаңғыртуда баланың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру, тілдік дамытушылық ортаның мүмкіндіктері, балалардың тілдік сөйлеуі мен сауаттылығын дамытуға жасалатын жағдайлар, т.б. мәселелер қарастырылып, талқыланды.


Конференция соңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы ШЖҚ РМК мен «ABADAN» балабақшасы және отбасылық орталығы тәжірибелерінің тәрбиелеу білім беру үдерісінде балалардың сөйлеуін дамыту және тілдік ортаны дамыту ортаны ұйымдастыру тәжірибесімен таныстырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу