қазақша · русский · english
 
 
 
14.10.2025

 Докторанттардың ғылыми әлеуетін дамыту аясында диссертациялық зерттеу тақырыптары талқыланды

 

2025 жылдың 14 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанттарына арналған ғылыми семинар өткізілді.Іс-шараның мақсаты - докторанттардың диссертациялық зерттеу тақырыптарының ғылыми өзектілігін талдау, зерттеу нысаны мен пәнін нақтылау, әдіснамалық бағыттарын айқындау және ғылыми ізденіс мәдениетін қалыптастыру болды.
Кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева семинарды ашып, кафедраның ғылыми-зерттеу бағыттарын таныстырды. Ол университеттің ғылыми-әдіснамалық талаптарына тоқталып, докторанттардың зерттеу тақырыптарының өзектілігін айқындау мен зерттеу құрылымын жүйелеудің маңыздылығын атап өтті.Ғылыми семинардың төрағасы PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Анар Алимбекова докторанттардың ғылыми ізденістерін бағыттау, диссертациялық зерттеулердің құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктерін талқылаудың маңыздылығын баса айтты.
Семинарға педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Роза Бекмагамбетова, Ақсәуле Манкеш, Қадиша Шалғынбаева, сондай-ақ педагогика ғылымдарының кандидаты, доценттер Ғалия Таубаева, Алмагүл Айтпаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Назира Атемкулова, PhD, қауымдастырылған профессорлар Гүлбану Абитова, Айгүл Ахметова, аға оқытушы Алтынай Жакупова және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.Сондай-ақ ғылыми семинар жұмысына эдвайзер, PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Асем Булшекбаева, ғылыми семинар мүшелері мен докторанттардың ғылыми кеңесшілері белсене атсалысты. Қатысушылар диссертациялық зерттеу тақырыптарының өзектілігіне, ғылыми жаңалығына және практикалық маңызына жан-жақты талдау жасады. Ғылыми кеңесшілер мен семинар мүшелері докторанттардың зерттеу идеяларының теориялық және әдіснамалық негізін, мақсат пен міндеттердің нақтылығын бағалап, зерттеу сапасын жетілдіруге бағытталған кәсіби ұсынымдар берді.Талқылау қорытындысында докторанттардың зерттеу бағыттарын жетілдіру, ғылыми әлеуетін дамыту, диссертациялық жұмыстың теориялық және практикалық маңызын арттыру бойынша маңызды шешімдер қабылданды.


 


 

 

  

 




Кері оралу