қазақша · русский · english
 
 
 
10.10.2025

«Қарттарым қазынам» қайырымдылық акциясы

 

2025 жылдың 10 қазаны күні Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының "Мейірім" еріктілер клубының идеологиялық бағыты бойынша Ширинбаева Гүлбахираның жетекшілігімен 6в0109-"Психология IP" мамандығы бойынша 1 курс еріктілері Ерназарқызы Жұлдыз, Бақытбекқызы Адия, Тәліп Нұрила, Дүйсенбай Жадыра, Ерғуатқызы Гүлдана, Адбулла Бибіфатима және Кәдірбек Үкіләй Халықаралық қарттар күніне арналған "Қарттарым қазынам" қайырымдылық акциясына қатысты.Айта кетейік, қайырымдылық шарасы аясында университетте Жастар ісі жөніндегі комитет, Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен ардагерлер кеңесінің қолдауымен университеттің педагогикалық еңбек ардагерлеріне азық-түлік себеттерін тарату ұйымдастырылды.Акция барысында еріктілер Алматының әртүрлі аудандарында тұратын үш ардагердің мекен-жайларына азық-түлік себетін алып барды. Олар-Сманова Нұржамал Төлбасиевна, Төлегенова Фарида Ғалымжановна және Тотанова Әлия Сатыбалдиновна.Студенттер педагогикалық еңбек ардагерлеріне барып, оларға азық-түлік себеттерін табыстап, жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде ардагерлер жастар мен университет басшылығына шынайы көңіл, мейірімділік пен құрметтері үшін алғыс айтты. Біз ардагерлерімізді мақтан тұтамыз және оларға зор денсаулық, ұзақ өмір, жақындарының назары мен қамқорлығын тілейміз!
                                                                                                                        «Мейірім» еріктілер клубы 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу