
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
31.10.2025
«Қазақстандағы әрбір бала үшін үздік бастама» атты халықаралық конференция 2025 жылдың 30-31 қазан күндері Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті және БҰҰ Балалар қоры ЮНИСЕФтің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы әрбір бала үшін үздік бастама» атты халықаралық конференция өтті.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен конференция жұмысына Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева мен философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. Асем Булшекбаевалар қатысты. Іс-шараның басты мақсаты - ерте жастағы балалардың дамуын, тәрбиесін және білім алу мүмкіндіктерін қолдауға бағытталған тиімді ұлттық және халықаралық стратегияларды талқылау, салааралық өзара ынтымақтастықты күшейту болды. Іс-шараға 20-дан астам елден келген халықаралық сарапшылар мен ғалымдар, соның ішінде Австралия, Ирландия, Португалия, Түркия, Мальта, Ұлыбритания, Молдова және басқа мемлекеттердің өкілдері қатысып, өз елдерінің табысты тәжірибелерімен бөлісті. Конференция жұмысына шамамен 200 адам қатысып, ерте жастағы балаларды дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Конференцияға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева қатысты. Сонымен қатар, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар мен халықаралық сарапшылар, ғалымдар және тәжірибелі практиктер сөз сөйледі. Бұл маңызды жиында 2025-2027 жылдарға арналған «Сәтті бастау» атты ерте жастағы балаларды дамыту және ерте араласу жөніндегі кешенді жоспарға қол қойылды. Құжат балалардың өмірінің алғашқы жылдарында олардың денсаулығын, психологиялық-эмоционалдық және зияткерлік дамуын қолдау үшін барлық негізгі мемлекеттік құрылымдардың бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық конференция барысында ерте жастағы балалардың әлеуетін дамытудағы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің интеграциясы, сондай-ақ ата-аналарды қолдау, инклюзивті және тең қолжетімді мектепке дейінгі білім беру, инновациялық және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері жан-жақты талданды. Конференция қорытындысында ерте балалық шақты дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимылға шақыру декларациясы қабылданды. Бұл құжат еліміздегі әрбір баланың сапалы білім мен қамқор ортада дамуына кепілдік беруді көздейтін маңызды әлеуметтік-қоғамдық міндеттеменің бастауы болды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|