
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
29.10.2025
Мектепке дейінгі жаста сан ұғымын қалыптастырудың маңызы» тақырыбында ашық сабақ өтті
2025 жылғы 29 қазан күні «8D01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Дәуірбаева Дана Сәбитқызының педагогикалық практикасының қорытынды ашық сабағы өтті. Ашық сабақтың мақсаты – докторанттардың ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша теориялық және әдіснамалық дайындық деңгейін, педагогикалық шеберлігін және зерттеу нәтижелерін практикамен ұштастыру қабілетін көрсету. Іс-шараға докторанттың ғылыми жетекшісі PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Әсем Булшекбаева онлайн қатысып, сондай-ақ аға оқытушы Асанханова Жанна Жеткербайқызы докторантпен студенттердің ашық сабақ құрылымын жетілдіруге бағытталған кәсіби ұсынымдар берді. Сабақ сергіту сәтімен басталып, қатысушылардың көңіл күйін көтеру әрі тақырыпты ашу мақсатында өлең шумақтары оқылды. Содан кейін сабақтың тақырыбы пазл жинау тапсырмасы арқылы анықталды. Қатысушылар рандомайзер арқылы таңдалып, онлайн пазлды құрастыру арқылы сабақтың тақырыбы анықталды. Сабақ барысында: 1)Студенттердің презентациялық жұмыстары тыңдалып, «Мектепке дейінгі жаста сан ұғымын қалыптастырудың маңызы» тақырыбында ойларымен бөлісті. Олар санауға үйретудің даму және танымдық рөлін, тиімді әдістер мен тәсілдерін, жас ерекшелігіне сай күтілетін нәтижелерді талдады. 2)Сандарға байланысты тапсырмалар топтық және жеке форматта орындалып, түрлі платформалар мен көрнекі құралдар қолданылды. Студенттердің логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Ашық сабақ қызықты, мазмұнды және тәжірибелік бағытта ұйымдастырылып, докторанттың кәсіби және ғылыми құзыреттілігінің жоғары деңгейін көрсетті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|