
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
06.11.2025
«Диссертациялық зерттеулерді орындауға қойылатын ғылыми талаптар және этикалық сараптамадан өту ережелері»
06.11.2025 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор А.К. Айтпаева «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының докторанттарына арналған «Диссертациялық зерттеулерді орындауға қойылатын ғылыми талаптар және этикалық сараптамадан өту ережелері» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты - диссертациялық зерттеулердің теориялық және практикалық тұрғыдан тиімділігін арттыру. Семинардың міндеттері: диссертацияны жоспарлау, орындау және қорғау процесіндегі ғылыми жетекшінің функцияларын анықтау немесе сипаттау. Әдістері. 2025-2026 оқу жылындағы докторанттардың диссертацияларының контент-талдаулары мен сұхбаттарының нәтижелері.
Семинарға кафедра оқытушылары: педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е. Манкеш және педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ж.Ж.Асанханова қатысты. Семинар барысында семинар тақырыбы бойынша ең өзекті мәселелер талқыланды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|