қазақша · русский · english
 
 
 
11.11.2025

«Рухани жаңғыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

11.11.2025ж күну «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6В01204 – Мектепке дейінгі білім беру мамандығының студенттері белсенді қатысқан мазмұнды іс-шара өтті. Іс-шараға студенттермен бірге аға оқытушы Еркебаева Сауле қатысып, тәрбиенің ұлттық құндылықтарымен ұштасқан маңызды бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында рухани даму, ұлттық сана, жас ұрпақты тәрбиелеудегі жаңашыл көзқарастар, болашақ педагогтердің кәсіби мәдениеті сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, топтық жұмыс орындап, пікір алмасу арқылы рухани жаңғырудың мәнін терең түсінді.

Іс-шара болашақ тәрбиешілердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, ұлттық болмысқа деген құрметін арттыруға бағытталды. 

 

 

  alt=  

  alt=  

 

 

  alt=  

  alt=  

 




Кері оралу