қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2025

Қытайдың The Education University of Hong Kong (EdUHK) университетіне ғалымдарымен кездесу өтті


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2023–2029 жылдарға арналған даму бағдарламасы негізінде Қытайдың The Education University of Hong Kong (EdUHK) университетіне ғалымдары Prof. SiN Kuen-fung (Kenneth), Prof. Yanjie Song, Dr. Yuen Chi Pun (Kevin Yuen) шақырылды.
19.11.25ж. күні Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ПОҚ-ы және 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 1,2,3-курс докторанттары, 7М01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының магистранттары EdUHK ғалымдарымен кездесті.
Кездесу мақсаты инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған халықаралық озық тәжірибелерді талқылау және оқытуда жасанды интеллект, AR/VR технологияларымен танысып, педагогикалық үдеріске енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Кездесу барысында қатысушылар инклюзивті білім беру саласындағы жаңа технологиялар мен жасанды интеллекттің тәжірибелік қолданылуы туралы танысып, өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу білімалушылар мен оқытушылар үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби диалогті дамытуға бағытталған ашық алаң болды.


  alt=  




Кері оралу