қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2025

Қытайдың The Education University of Hong Kong (EdUHK) университетінің ғалым Chi Pun Yuen дәріс оқыды

 

20.11.2025 ж. күні EdUHK ғалымы Chi Pun Yuen 7М01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының магистранттарына «Инклюзивті білім беру ортасында білім алушылардың оқу мотивациясын арттырудың педагогикалық стратегиялары» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында инклюзивті білім беру ортасындағы оқу мотивациясын күшейтуге бағытталған заманауи педагогикалық стратегиялар қарастырылды.Қатысушылар инклюзивті сыныпта ынталандырудың тиімді әдістерімен, оқушылардың белсенділігін арттыру тетіктерімен және мотивациялық факторларды басқару құралдарымен танысты. Дәріс соңында сұрақ-жауаппен кері байланыс берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу