қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2025

«Менің сүйікті ертегілерім» атты шығармашылық-танымдық кеш


  2025 жылдың 20 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының оқытушысы А.Ауезова жылдық жұмыс жоспарға сәйкес 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерімен «Менің сүйікті ертегілерім» атты шығармашылық-танымдық кеш өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, педагогикалық және коммуникативтік құзыреттіліктерін шыңдау, сондай-ақ театрландырылған қызметтің тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктерін меңгерту болды.Кеш барысында студенттер балалар әдебиетінің классикалық және халық ертегілеріне сүйене отырып, әртүрлі театр түрлерін (саусақ театры, үстел үсті театры, көлеңке театры, қуыршақ театры және т.б.) өз қолдарымен әзірлеп, сахналық қойылымдар ұсынды. Әр топ өз қиялы мен өнерін көрсете отырып, кейіпкерлер бейнесін ашуда ерекше тапқырлық пен креативтілік танытты. Іс-шара педагогикалық шығармашылық пен эстетикалық талғамды дамытуға, балалармен театрландырылған іс-әрекет жүргізудің әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеруге бағытталды. Кеш соңында кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Ұ.Қ. Қыяқбаева студенттердің өнерін жоғары бағалап, олардың кәсіби шеберліктерінің артуына осындай шығармашылық жобалардың зор ықпал ететінін атап өтті.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу