қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2019

Жоғары оқу орнында педагог маман даярлаудың қазіргі жағдайы және болашағы

 

  

 

5 сәуірде университеттің «Ғылым онкүндігі» аясында «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында қазақ педагогика тарихында өзіндік орны бар белгілі педагог, парасатты, зиялы тұлға Талғат Сабыровтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жоғары оқу орнында педагог маман даярлаудың қазіргі жағдайы және болашағы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Конференцияға ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облыстық филиалының мұғалімдерінің біліктілігін арттыру институтының меңгерушісі Алмаш Тұралбаева, «Тұран - Астана» университетінің «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасынан Мұхамедрахим Құрсабаев, университет профессорлары Жамилия Намазбаева, Роза Бекмагамбетова, әдіскер Райса Жалғасова қатысты.

 

Республикалық ғылыми-практикалық конференция модераторлары: кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қиықбаева және аға оқытушы Сауле Еркебаева.


Алдымен қонақтардың назарына ғалымның өмірі мен ғылыми жолдары туралы бейнежазба ұсынылды.

 

Мерекелік іс-шараға университет ардагерлері, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу