қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Орумбаев Сәкен Тиесович

Орумбаев Сәкен Тиесович

Орумбаев Сәкен Тиесович 1951 жылдың 31 қаңтарында Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Білімі: жоғары - Қарағанды мемлекеттің университеті (1977 ж.).

Мамандығы: тарихшы, қоғамтану мен тарих пәндерінің мұғалімі

Ұлты: қазақ

Ғылыми атақ-дәрежесі: тарих ғылымдарының докторы (2005), профессор (2006) - 07.00.02. Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы); 90 аса оқулық авторы, оның ішінде 4 монографияның да авторы. Докторлық диссертацияның тақырыбы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздің органдарының құрылуы мен дамуы» (1992-2002 ж.ж.). Құпия.

 Ғылыми-педагогикалық өтілі: 25 жылдан асады. Еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастап, ҚР ҰҚК Әскери институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі бастығы (проректоры) деңгейіне дейін көтерілді. Әр түрлі басшылық, офицерлік және оқытушылық қызметтерді ҚР ҰҚК орталық аппаратында (Астана), Алматы және Қарағанды ІІМ жоғарғы мектебінде, Қарағанды мемлекеттік университетінде, ҚР ҰҚК Академиясында, ҚР ҰҚК Әскери институтында қызмет атқарды. 2007 жылдың ақпанынан отставкадағы «полковник».

 2007 жылдың қыркүйегінен - Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінің деканы, ҚТСжӘ кафедрасының меңгерушісі. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Қолданбалы-теориялық саясаттану мен әлеуметтану» кафедрасының меңгерушісі.

Түрлі марапаттарым бар: соның ішінде - «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі, ондаған ведомстволық медальдар мен үздік белгілері, ҚР БҒМ «ғылым және техниканы дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы белгісі, ҚР ҰҚК, ІІМ басшылығынан, ТМД шекаралық әскери басшылар Кеңесінің басшыларынан алған мақтау қағаздары және т.б.

 


← Кері оралу