қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Оспанбеков Ербол Анарбекұлы

Оспанбеков Ербол Анарбекұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Жамбыл облысы, Талас ауданы, С.Шәкіров ауылында 1986 жылы дүниеге келдім. 2003 ж.С.Шәкіров ауылының Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебін, 2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Физика-информатика» мамандығын бітірдім. 2009 жылы «Физика» мамандығы бойынша магистратураны бітірдім. 2009-2013 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің теориялық және тәжірибелік физика кафедрасында оқытушы қызметін атқардым. 2013-2016 ж.ж. -PhD докторантурада оқыдым. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін - Математика, физика және информатика институты (Абай атындағы ҚазҰПУ) Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.

30-тан астам ғылыми еңбектерім жарық көрді. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіремін.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Физика-информатика мұғалімі

2007

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Физика магистрі

2009

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Докторантура

2016

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесіні атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

PhD

6D011000-Физика

23.01.2018

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Физиканы оқыту әдістемесі, Есеп шығару практикумы, Мектеп эксперимент техникасы

Магистратурада:Физикалықүдерістердікомпьютерлікмоделдеуәдістері

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Физиканы оқыту әдістемесі, Болашақ физика мұғалімдерін даярлау мәселелерібойынша жұмыс жасаймын. 30-тан астам жарияланған ғылыми еңбектерім бар.

1. Optical and electronic properties of undoped La2Be2O5 single crystals in the far ultraviolet energy range (Impact Factor)Journal of the Optical Society of America B - Optical physics, Editor: Grover Swartzlander, Vol. 32, Iss. 2 - Feb. 1, 2015. - P. 241-247.

2. Патент РК на полезную модель «Способ изготовления полицветной отделочно-декоративной керамики» - регистрационный № 2016/0353.2 от 21.06.2016г.

3. Педагогикалық жоғары оқу орындарында білім берудегі мәселелік жағдайлар және оларды шешудің кейбір мүмкіндіктері/«Жаратылыстану және ақпараттық технологиялардың қазіргі концепциялары» халықаралық ғылыми - әдістемелік конференция материалдарының жинағы. - Алматы. - 2016. - Б. 24-29.

4. Болашақ физика мұғалімдерін даярлау мәселелері/Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. - Алматы, 2017. - №2 (58), Б. 190-195.

5. Педагогикалық жоғары оқу орындарында «Атомдық және ядролық физика» курсын оқытудың әдістемелік негіздері/Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. - Алматы, 2017, - №2 (58), Б. 230-235.

6. Оспанбеков Е.А. Мектептегі физика курсын оқытуда білім алушылардың нанотехнологиялар жайлы көзқарасын қалыптастыру //Вестник государственного университета имени Шакарима города Семей. Серия «Техническим наукам». - №4(88). - Семей, 2019. - С.88-93.

 

 


← Кері оралу