Біз туралы | ![]() Молдағали Мадина Бауыржанқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Молдағали Мадина Бауыржанқызы - жас ғалым, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы. 5 жылдан астам үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар. 2019 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлеу етістіктерінің семантикасы» тақырыбында магистрлік диссертация қорғап, «Орыс тілі мен әдебиеті орыс тілінде оқытылмайтын мектептерде» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2023 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «8D01702 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасын аяқтады. Жас ғалым шетелдік университеттерде ғылыми тағылымдамадан өтті, атап айтқанда Vytautas Magnus University (Литва, 25.02.2019 - 06.03.2019), Lithuanian State Scholarship for Short-term Studies бағдарламасы аясында Mykolas Romeris University (Литва, 01.09.2021 - 28.01.2022), Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі» (РФ, 23.11.2022 - 24.12.2022) және Waseda University, Токио, Жапония (2023 жылғы сәуір). Сондай-ақ, жас ғалым өзінің ғылыми бағыты бойынша Жазғы мектептерге қатысты: Смоленск мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар мектебі «Квантитативті филология», Смоленск, РФ (қыркүйек-қазан 2021 ж.); Псков мемлекеттік университетінің «Жас оқытушылар мен зерттеушілерге арналған жазғы институт» бағдарламасы, Псков, РФ (2023 жылғы тамыз).
БІЛІМІ
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР Бакалавриатта: «Орыс тілінің практикалық курсы»
Молдағали Мадина 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» бағдарламасы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын ЖТН AP22685804 «Поэзияны зерттеуге арналған цифрлық платформаның интеграциялық әлеуеті» атты іргелі ғылыми зерттеудің жетекшісі болып табылады. Жобаның мақсаты - қазақ және қазақстандық поэзияны жастар арасында зерттеуге және танымал етуге арналған көпфункционалды портал әзірлеу. Сонымен қатар, ол Джордж Вашингтон университетінің Абай орталығымен бірлесіп жүзеге асырылған «The Stories of Modern Kazakh Prose» халықаралық подкаст жобасының тең авторы болып табылады (Подкаст сілтемесі). М. Молдағали 17-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 7 мақала жарияланған. Scopus деректер базасында индекстелген және Cite Score көрсеткіштері 35 процентильден жоғары болатын журналдарда 3 мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ, ол «Қазақстанның интернет әдебиеті: негізгі көркемдік тенденциялар» атты ұжымдық монографияның тең авторы және 1 авторлық куәлікке (№49139, 20.08.2024 ж.) ие. Scopus ID 58506745600 ORCID: https://orcid.org/0000-0001-8494-1497
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|