Біз туралы | ![]() Рашева Гульжан Умирзаккызы
Рашева Гульжан Умирзаккызы - Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.1989 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент Педагогикалық институтының «Тарих және педагогика мамандығы» факультетінің, тарих,қоғамтану және тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер мамандығын бітірген. Институт бітіргеннен кейін, 1989ж-1991жж. Шымкент облысы, Ленгер қаласындағы №4 орта мектебі, тарих пәні мұғалімі. 1991ж.-1995жж. Шымкент облысы,Төлеби ауданының «Таскешу» бастауыш мектебінің директоры. 1995-2008жж.Халықаралық Қазақ-Араб Университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы. 2008жылдан 2024жылы тамыз аралығында Алматы қаласы, Әуезов ауданының Қ.А.Яссауи атындағы№ 123 МГ тарих,құқық және дінтану пәндерінің мұғалімі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Д 14.15.09 Диссертациялық Кеңес мәжілісінде 2010 жылы 30 қазанда кандидаттық диссертация қорғады.07.00.02 -Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы).Тақырыбы:Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі (1918-1925жж.). Қазіргі таңда « Академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқаруда.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриат: 1. Тарих бойынша виртуальды лабораториялар 2. Сандық практикум: мұрағаттар мен басылымдар 3. Тарихи информатика: әдістер мен технологиялар Магистратура: 1. Отбасы институты: тарихи-әлеуметтік аспектісі
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар Зерттеу тақырыбы: Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі (1918-1925жж.) Жарияланымдар: 50-ден аса халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, мақала жариялаған. 1. Қазақ зиялыларының «Ақ жол» газетінде көтерген ұлттық мәселелері. IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.Болгария.София «Бял Град-БГ»ООД 2013ж. 2. «Қазіргі таңдағы мектеп оқулықтарының өзекті мәселелері», «Қазіргі тарих ғылымы: Өлкетану,аймақтық және локальді тарих мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми - практикалық конференция.Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті 24.11.2021ж. 3. «Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіру( жеке тәжірибе негізінде)» Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы: «Қазақстанның ұлттық басымдығы: Балалар және Білім» Тамыз конференциясының баяндамалар жинағы , Алматы 2022ж. 164-167 бб. 4. «Ғасыр данасы - Қожа Ахмет Ясауи» Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. Астана, 2024 жыл. Түркістан - 29.03.2024, «Яссауитану» бағдарламасын кешенді оқыту әдістемесі.» 5. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Қазақстан тарихы: заманауи зерттеулердегі жаңа дереккөздер мен тұжырымдар» - Алматы: «Ұлағат» баспасы атындағы ҚазҰПУ. Абай, 2022. - 304. ISBN 978-601-298-112-4 «Тарихты оқудағы олқылықтарды жоюдың тиiмдi әдiс-тәсiлдерi».
Оқу-әдістемлік қызметі: 1.Дүниежүзі тарихынан тест тапсырмалары мен жауаптары: Орта мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған оқу - әдістемелік құрал. - Алматы, 2015ж. «Дайыр баспа» 2.Жаңа форматқа сәйкес дүниежүзі тарихы мен адам, қоғам, құқық пәндерінен тест тапсырмалары. ( Орта мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған оқу - әдістемелік құрал). - Алматы, 2017ж. «Дайыр баспа» 3. Жаңа форматқа сәйкес Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары. (Орта мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған оқу-әдістемелік құрал). - Алматы, 2017ж. «Дайыр баспа» 4. «Яссауитану» 7-сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. Сараптама кеңесінің шешімі бойынша (2 хаттама) 23.04.04 № 57, Алматы қаласы (Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы.) 5. «Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени - ағарту ісінің дамуы» 10-сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. Сараптама кеңесінің шешімі бойынша (4 хаттама) 24.07.07 № 067, Алматы қаласы (Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы.) БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ, СЕРТИФИКАТТАР 1. «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін дамыту:10-11сыныптардың қиын тақырыптары» 01.12.2022ж. ҚР «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы №0623484, 80 сағат. 2. ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің ұйымдастыруымен: «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бағалау бойынша сарапшыларды оқыту» 2021 жылғы тамыз-қыркүйек, 72- сағат, NO: 0851 3. «Білім берудегі менеджмент :білім беру бағдарламасын басқару», «Excellent Educational Centre» орталығы 90 сағат №291-2023, 30.06.2023 5. «Қазақстанның этникалық саясатын білім беру мазмұнында іске асыру бойынша педагогтердің пәндік кәсіби құзіретін дамыту» «Өрлеу» БАҰО, 80 сағат, №0368478, 04.02.2021 6. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» Алматы қаласы, Дін істері жөніндегі басқарма , №083 2023 жыл, 80 сағат 7. «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды түзете дамытуда арттерапияны қолдану ерекшеліктері» «Қазақ психологиялық қоғамы», 80-сағат, 23 ақпан - 04 наурыз, 2023 ж. №299 8. « Lesson Study зерттеу әдісін жүргізу тәсілдері» «Өрлеу» БАҰО, 8 сағат, 14.03.2023ж. №107033 9. «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» «Өрлеу» БАҰО, №2213236, 25.09.2021ж.
МАРАПАТТАРЫ ҚР Ғылым және Білім Министрлігі «Ы. Алтынсарин медальі» №012556 07.12.2016 жыл.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|