Біз туралы | ![]() Султангубиев Айғали Нәсіпқалиұлы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН Мен, Султангубиев Айғали Нәсіпқалиұлы, 1984 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Атырауоблысында дүниеге келдім. Менің ана тілім қазақ тілі, мен орысша, ағылшынша (орташа), сөйлеймін. 1992 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік қазақ орта мектебіне оқуға түсіп, оны 2002 жылы үздік белгімен бітірді. 2002 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың көркемсурет және графика факультетіне оқуға түсіп, оны 2006 жылы бітірді. 2006-2009 жылдары педагогика бағыты бойынша аспирантурада оқыды. Еңбек жолын 2006 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да бастаған. 2006-2009 жылдары Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Көркем-сурет факультеті, «Дизайн» кафедрасында компьютерлік графика, композиция, қаріптер пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2006-2010 жылдар аралығында Алматы баспалар үйі «Өнер», «Арыс»және «Ана тілі» баспаларында дизайнер қызметін атқарды. 2008-2010 жылы Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның типографиясында дизайнер қызметін атқарды. 2010-2011 жылы Атырау өлкетану мұражайында дизайнер болып жұмыс істеді. 2009-2014 жылы Жеке кәсіпкер болды. 2016-2017 жылы Астана қаласы, «Астана» университетінде компьютерлік графика мен сурет және кескіндеме піндерінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 2016-2018 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасының типография дизайнері қызметін атқарды. 2021-2024 жылдары Алматы қаласы, Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде «Архитектура және Дизайн» кафедрасында сурет және кескіндеме, макеттеу, композиция, қаріптер, сәулет тарихы пәндерінің мұғалімі қызметін атқарды. 2022 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер факультетіне Сәулет дизайны мамандығына магистратураға түсіп, оны 2024 жылы бітірді. 2023-2024 жылы Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде Директордың тірбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Бүгінгі таңда Абай атындағы КазҰПУ-нің Өнер факультеті, «Дизайн» кафедрасында 2024 жылдан бастап магистр, оқытушы қызметін атқарып, аталған мекемеде ғылым жолын жалғастыруда.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ: Магистр оқытушы ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ: Компьютерлік графика, кәсптік компьютерлік бағдарламалар, қаріптер, композиция, макеттеу, сәулет тарихы, cурет, кескіндеме, арнайы сурет.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ - ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫПТАРЫ СӘУЛЕТ ДИЗАЙНЫ, БАСЫЛЫМДАР САНЫ 3, ОҚУЛЫҚ, ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ 1. «Ұлттық стильдегі заманауи сәулет құрылыстарын жобалау ерекшеліктері» абай атындағы қазұпу-дың хабаршысы, «көркемөнерден білім беру: өнер - теориясы - әдістемесі» сериясы, №3 (72), 2022 ж., 54-59 бет. 2. «Қазіргі қазақстан архитектурасына дизайнның әсері» IX халықаралық ғылыми - практикалық конференция «Өнер - мәдениет диалогы» -Грозный қаласы: 27 қазан, 2023 ж., 225-234 б. 3. «Қазақстандағы көркем -педагогикалық білім беруге арнайы дизайн пәндерін интеграциялау: теориялық-әдістемелік талдау және практикалық болашағы» абай атындағы қазұпу-дың хабаршысы, «педагогикалық ғылым» сериясы, №4 (84), 2024 ж., 34 бет.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|