Османова Гулайна Жалалыевна
1978 жылы 15 сәуірде Түркістан облысы Түлкібас ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1985 жылы "Жаңаталап" орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1995 жылы бітірді.
2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 2006 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін Құқықтану мамандығы бойынша, "заңгер" біліктілігі бойынша үздік бітірді. 2007 жылы Абай ат. ҚазҰПУ филология факультетіне оқуға түсіп, білікті тіл және әдебиет мұғалімдерінен білім алып, 2009 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік бітірді. 2015 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының магистратурасын бітіріп, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі бойынша диплом алды. 2018 жылы "Тұран" университетінің Құқықтану мамандығы бойынша докторантурасына (PhD) түсіп, оны 2021 жылы бітіріп, 2022 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 6D030100 - Құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD).
2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қабырғасында еңбек етеді. Алдымен "Криминалистика және сот сараптамасы" кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а. Кәсіби медиатор. Жоғары деңгейдегі арнайы пәндердің бірінші санатты оқытушысы.
2007 жылы Абай ат. ҚазҰПУ заң факультетінің "Криминалистика және сот сараптамасы" кафедрасының "үздік оқытушысы" атағымен марапатталды. 2004-2006 жылдары Президенттік стипендия иегері. 2009 жылы "Хабар" телеарнасында "Тіл тірегі" бағдарламасының "Сөз тапқанға" республикалық байқауында III орын алды. "Қазақстан" Ұлттық телеарнасының Алғыс хаты (2012 ж.), "Абай атындағы ҚазҰПУ Құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша оқитын студенттердің атынан алғыс хаты (2013 ж.) бар.
2020 жылы Г.Ж. Османованың ғылыми жұмысы Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының республикалық байқауында үздік деп танылып, Ш. Қабылбаев атындағы сыйлыққа ие болды. Республикалық Блиц-турнирде "Адам. Қоғам. Құқық" I дәрежелі дипломды (2020 ж.), "Ozat pedagog" төсбелгісін және білімді ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбек пен адал қызметтің нәтижесі ретінде құрмет грамотасын алды. Қазақстан Республикасы педагогтар қоғамының "Үздік педагог" төсбелгісі (2023 ж.), Абай ат. ҚазҰПУ "Абай" төсбелгісімен марапатталған. (2023 ж.), сондай-ақ белсенді қызметі үшін бірнеше алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Scopus ғылыми-метрикалық базасына кіретін журналдарда ғылыми еңбектерін белсенді жариялайды.
2 монографияның, екі оқу құралының, электрондық оқу-әдістемелік құралдың, 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Ғылыми жобаларды Орындаушы, олардың нәтижелері бойынша авторлық куәліктер алынды.