
Біз туралы | Главная /
Иовбак Артем Сергейұлы
Иовбак Артем Сергейұлы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН
Иовбак Артём Сергеевич 2001 жылғы 26 наурызда дүниеге келген. Ұлты - украин. 2018 жылы Қостанай қаласындағы А. М. Горький атындағы гимназияны бітірді. 2016, 2017 және 2018 жылдары мектеп оқушылары арасындағы Республикалық физика олимпиадасының жүлдегері болды.
2018 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласындағы Ресейдің тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің Орал энергетикалық институтына «Электроэнергетика және электротехника» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2020 жылы осы мамандық бойынша М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне ауысты. 2022 жылы университетті тәмамдап, техника ғылымдарының бакалавры дәрежесін алды.
2022 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасына оқуға түсті. Оқу барысында магистрлік диссертация жобасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауында 1-орынға ие болды. 2024 жылы магистратураны аяқтап, педагогикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алды.
2024 жылы еңбек жолын Алматы қаласындағы «№15 гимназия» КММ-де физика пәні мұғалімі лауазымынан бастады.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатика факультетінің математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады.
2025 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің PhD докторантурасына «8D01504 - Физика» мамандығы бойынша оқуға түсті.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриатта: Физикалық есептерді шығару практикумы 1, Физикалық есептерді шығару практикумы 2, Физиканы оқытуды жоспарлау және оқытуды дараландыру, Мектептік эксперимент техникасы.
ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ Ғылыми мақалалар: 1. Иовбак А. С. (2024). Физиканың «Электромагнетизм» бөлімін оқытуда төмен деңгейлі және жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерін интеграциялау. // «Қазіргі әлемдегі ғылымның болашағы мен негізгі үрдістері» атты XL Халықаралық пәнаралық конференция материалдары. - Bubok Publishing S.L., Мадрид, Испания. - 26-33-бб. 2. Иовбак А. С. (2023). Физиканың «Электромагнетизм» бөліміндегі зертханалық жұмыстарға пәнаралық көзқарас. // Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Тағылым». - № 02(109). - 10-12-бб.
← Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|