қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Қабылова Анара Рахметқызы

Қабылова Анара Рахметқызы

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

Қабылова Анара Рахметқызы 1958 жылдың 23 мамырында дүниеге келді. 1975 жылы мектепті бітірген соң физика-математика факультетіне оқуға түсті. 1979 жылы ГПИтың «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын Гурьев каласындағы № 37 кәсіптік-техникалық училищесінде бастады.

1981-1986 жылдары Гурьев педагогикалық институтының «Алгебра және сандар теориясы» кафедрасының оқытушысы. Алгебра және сандар теориясы, Математиканы оқыту әдістемесі пәндерінен лекция және практикалық сабақтар өткізді, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.  1986 жылы желтоқсанда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына аспирантураға түсті.

1989 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында Геометрия және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. 1998 жылы 2 шілдеде 13.00.02 «Оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2019 жылға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында жұмыс істеді.

2019 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қарашасына дейін Алматы қаласындағы №116 орта білім беретін мектепте жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатика факультетінің «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

Гурьев педагогикалық институт,  Гурьев қ.

математика пәнінің мұғалімі

1979 ж.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институті

Аспирантура 

1989 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

педагогика ғылымдарының кандидаты

1998 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты

1998 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Элементарлық математика (Алгебра),  Элементарлық математика (Геометрия),  Математиканы оқыту әдістемесі

Магистратурада: Математикадан экстремумдарға арналған қолданбалы есептерді шешу әдістемесі,  Мектеп геометриясын оқытудың теориясы мен әдістемелік негіздері

 


← Кері оралу