қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Қырықбаева Әсем Ақылшақызы

Қырықбаева Әсем Ақылшақызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

Қырықбаева Әсем Ақылшақызы 1979 жылы Алматы облысы, Көксу ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Алғабас орта мектебін үздік бітіріп, сол жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне «Физика» мамандығы бойынша оқуға қабылданды. 2000 жылы аталған университетті үздік (қызыл) дипломмен тәмамдады.

Еңбек жолын 2000 жылы Мұсабек атындағы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып бастады.

2014-2016 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша магистратурада оқып, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
2013 жылы Малайзияда School of Physics, University Science Malaysia базасында ұйымдастырылған International Post Graduate Course on Current Research in Physics халықаралық бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2016-2019 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы мамандық бойынша докторантурада білім алып, 2018 жылы Польша Республикасындағы AGH Ғылым және технология университетінде (Станислав Сташица атындағы тау-кен және металлургия академиясы) ғылыми тағылымдамадан өтті.
2020 жылы «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.

2024-2025 жылдары Қырықбаева Әсем Ақылшақызына Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалып, Америка Құрама Штаттарында «Білім беру менеджменті» мамандығы бойынша «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасы шеңберінде тағылымдамадан өтті.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.

 

Физика мұғалімі

2000

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

магистр

2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Доктор PhD

2020

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 

 

Доктор PhD

2020 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Физиканы оқыту әдістемесі. Күрделілігі жоғары  есептерді шешу әдістері. Инновационные технологии обучения физике.

Магистратура: Нанотехнологияның физикалық негіздерін оқыту әдістемесі, Жалпы физиканың таңдаулы мәселелері.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

1. Muradov, A.D., Kyrykbaeva, A.A. Effect of Load-Induced Oxygen Absorption in YBa2Cu3O6 + x on Mechanical Properties of the "Polyimide-YBa2Cu3O6 + x" SystemTechnical Physicsthis, 2018, 63(5), стр. 723-732
2. Muradov, A.D., Korobova, N.E., Kyrykbaeva, A.A., Yar-Mukhamedova, G.S., Mukashev, K.M. Journal of Applied Spectroscopythis link is disabled, 2018, 85(2), стр. 260-266
3. Қырықбаева А.А. Изменение оптических свойств системы «полиимид ‒ YBa2Cu3O6,7» в результате γамма облучения. Халықаралық ғылыми конференция «Фараби әлемі», 10-13 сәуір -2017ж. Алматы, Қазақ университеті. -Б. 10.
4. Қырықбаева Ә.А., Толебай К. Физика сабағын оқытуда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру // «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепте және жоғарғы оқу орындарында математика мен физиканы оқытудың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 25-26 қараша 2021 ж. - Алматы.
5. Қырықбаева Ә.А. Нурбергенова К. Физика пәнін оқытуда вертуалды зертханалық жұмыстарды қолдану // «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепте және жоғарғы оқу орындарында математика мен физиканы оқытудың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 25-26 қараша 2021 ж. - Алматы.


← Кері оралу