
Біз туралы | Главная /
Оспанбеков Ербол Анарбекұлы
Оспанбеков Ербол Анарбекұлы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН Оспанбеков Ербол Анарбекұлы 1986 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 2003 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсті. Университетті 2007 жылы үздік дипломмен бітірді.
2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің Физика мамандығының магистратурасына оқуға түсті. 2009 жылы магистратураны аяқтап, Физика магистрі академиялық дәрежесін алды.
2009 жылы еңбек жолын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің Теориялық және тәжірибелік физика кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады.
2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6D011000-Физика» мамандығы бойынша PhD докторантурасына оқуға түсіп, 2017 жылы сәтті қорғады.
2017 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика, физика және информатика факультетінің математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриатта: Физика тарихы, Бағалау және дамыту. Магистратурада: Жалпы физиканың таңдаулы мәселелері, Физикалық үдерістерді компьютерлік моделдеу әдістері, Жоғары оқу орындарында физикалық экспериментті жүргізу әдістемесі.
ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ Ғылыми мақалалар: 1. Наметкулова Ф.Д., Оспанбеков Е.А., Сугирбекова А.К. Болашақ физика пәні мұғалімдеріне арналған «Физикалық есептер шығару практикумы» пәнінің мазмұндық ерекшеліктері // Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы баяндамалары. - 2023. - Volume 4, Number 348 (2023). - Б. 80-92. https://doi.org/10.32014/2023.2518-1483.244 2. Ospanbekov Y., Maxutov S., Sandybayev Y., Boranbekova A. Peer Instruction`s Achilles` Heel: An Analysis of Its Ineffectiveness in Confronting Counterintuitive Physics Questions // EURASIA Journal of Mathematics, Science and Technology Education. - Volume 20(8). - 2024. - P.1-13, em2480. (Scopus процентиль 77). https://doi.org/10.29333/ejmste/14778 3. Turekulova A., Alimbekova G., Ospanbekov Y., Yessentayev K. Integration of Artificial Intelligence into Solving Physical Problems to Improve Pedagogical Competence // Eurasian Journal of Educational Research. - Volume 113. - 2024. - P. 210-226 (Scopus percentile-48). https://doi.org/10.14689/ejer.2024.113.12
← Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|