
Біз туралы | Главная /
Дошыбеков Айдын Багдатұлы
Дошыбеков Айдын Багдатұлы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН Дошыбеков Айдын Багдатұлы 1984 жылы дүниеге келген, ұлты - қазақ. Грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері. Отбасылы, жеті баланың әкесі. 2002 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылындағы Қожбанбет би атындағы орта мектепті аяқтады. Сол жылы Қазақ спорт және туризм академиясына «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2006 жылы аталған оқу орнын тәмамдады. 2008 жылы «Грек-рим күресінде қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында магистрлік диссертация қорғап, Қазақ спорт және туризм академиясының магистратурасын үздік бітірді. Педагогикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алды. 2014-2017 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясының «6D010800 - Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша докторантурасында білім алды. Докторантура барысында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы П.Ф. Лесгафт атындағы Ұлттық мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Қазіргі уақытта философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі. Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2018 ж.), Қазақ спорт және туризм академиясының «Үздік оқытушысы» (2023 ж.), «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2023 ж.), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, 2024 ж.).
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҚ
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР - Негізгі спорт түрлерін оқыту теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша). - Спорттық ойындар бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. - ЖОО-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. - Ғылыми зерттеу әдістері. - Адам капиталын дамытуға бағытталған білім беру технологиялары ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ - Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2018 ж.). - Қазақ спорт және туризм академиясының үздік оқытушысы (2023 ж.). - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2023 ж.). - ЖОО-ның үздік оқытушысы (МНВО РК, 2024 ж.).
ҒЫЛЫМИ-МЕТОДИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ Қазіргі уақытта 3 магистрлік және 5 докторлық диссертацияларды (PhD) жетекшілік етеді. ЖҰМЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ - 2009 ж. - аға оқытушы, ҚазАСТ. - 2018-2021 жж. - доцент міндетін атқарушы, «Дене шынықтыру және спорт негіздері» кафедрасының меңгерушісі, ҚазАСТ. - 2021-2023 жж. - «Күрес және ұлттық спорт түрлері» кафедрасының меңгерушісі. - 2023-2025 жж. - ғылым және стратегиялық даму проректоры, ҚазАСТ. - 2025 ж.-дан бастап - «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі, Абай ат. ҚазҰПУ.
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР СЕРТИФИКАТТАР
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАЖИРОВКА - П.Ф. Лесгафт атындағы НМДШУ, Санкт-Петербург, РФ (2022). - Беларусь Олимпиадалық академиясы, Минск (2023). - AC Institute of International Education, Прага, Чехия (2024). - Гази университеті, Анкара, Түркия (2023). - М.В. Ломоносов атындағы МГУ, Мәскеу, РФ (2024).
МАРАПАТТАР МЕН ПРЕМИЯЛАР - Ахмет Байтұрсынов атындағы күміс медаль (2018). - П.Ф. Лесгафт атындағы Ұлттық мемлекеттік университеттің алғыс хаты, Санкт-Петербург, РФ. - Ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат, Қазақ күресі федерациясы, Нұр-Сұлтан, 2022 ж. - ҚазАСТ-та ғылыми-зерттеу жұмысты ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы, 2022 ж. - Алматы қаласында ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат, Алматы қаласы әкімдігі. - XXXVI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «EUROPEAN RESEARCH», I орын дипломы, Пенза, Ресей, 5 шілде 2022 ж. - ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің алғыс хаты, 2023. - «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына» мерейтойлық төсбелгі, 2024. - 4 Республикалық НИРС, НИРМ байқауының жеңімпаздарын даярлаған.
← Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|