қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
11.02.2020

Тиімді тәжірибе

 


 

Ұлттық білімнің қайнар бұлағына айналған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өзіндік даму жоспарының барысында қоғам мен ұлтқа керекті істерді атқарып келгені бесенеден белгілі, тарихтан дәлел. Ұлттық педагог кадрларды даярлауда және оларды жұмыспен қамтуда жоғары көрсеткіштерді де көрсетіп жүр. Абай университетінің әрбір жоспары мен бағдарламасы білім алушының нәтижесіне бағытталған. Мұның дәлелін Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттеріне деген сұраныстан байқауымызға болады.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті даму шеңберінде тоқтап қалмауды жөн санап, 2019/2020 оқу жылында педагогикалық мамандықтағы 4-курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесін 1 жылға созды. Бұл биылғы оқу жылында Пилоттық жоба ретінде енгізілді. Білім алушылар қыркүйек айынан сәуір айының соңына дейін іс-тәжірибеден өтеді. Бұл жоба егжей-тегжейлі ойластырылып, 2019/2020 оқу жылына Ғылыми кеңестің шешімімен енгізілді.

 

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Алматы қаласы білім басқармасы, Жетісу аудандық білім бөліміне қарасты №43 жалпы білім беретін мектепте өткен ашық сабаққа Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев арнайы қатысты. Ашық сабақтағы кемшіліктер туралы ой бөлісіп, мектеп директоры аудандық білім бөлімінің мамандарымен ойталқы құрды. Мектеп директоры және аудандық білім бөлімнің мамандары 1 жылдық тәжірибенің дұрыстығын және алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істеудің нәтижелі болатынын жеткізді.

 

 

11.02.2020 ж.

Ақпарат көзі: bilim.expert