қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
29.05.2020

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті: "Толық адам" іліміне арналған халықаралық онлайн семинар ұйымдастырылады

 


 

Бүгін, яғни мамыр айының 28-і күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Абай мұрасына арналған "Хакім Абай даналығы "Толық адам" ілімінде" халықаралық on-line халықаралық онлайн семинар ұйымдастырылады. Бұл туралы оқу орнының Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті хабарлайды. Ұлы ақын һәм ағартушының 175 жылдығына арналған онлайн басқосуға отандық және шетелдік абайтанушы ғалымдар мен ғылыми зерттеу мекемелерінің қызметкерлердің қатысатындығы жоспарлануда.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетініңТәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті,Академик C.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мұрындық болуымен ұйымдастырылатын семинар жұмысында үш секция бойынша жұмыс жүргізіледі. Атап айтқанда, жиынға қатысушылар"Хакім Абай даналығының зерттелуі" , "Абайдың -"Толық адам" ілімі", "Абай даналығы және ұлттық рухани құндылықтар" бағыттары бойынша келелі ойларымен бөлісіп, баяндамалар жасалады.

 

Семинардың басты мақсаты - әлемдік деңгейде танылған ұлы ақын мұраларындағы әрбір сөзді санаға сіңіру, барша отандастарымыздың және түркі халықтарының бойында ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыру. Сонымен қатар адамзаттың ақылманына айналған ойшылдың шығармашылық мұрасын дәріптеуді көздейді. Хакімнің дана ойлары мен поэзиясы әлемдік әдеби қазынаға қосылған теңдессіз байлық екенін тағы да дәлелдеу, дәріптеу болып табылады.

 

Жиында Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, Экономика институты, Ғаламдану және экономикалық саясат орталығының басшысы Оразалы Сабден,"Еуразия перспективасы" компаниясының президенті Зифа Әуезова, Түркияның Мұғла Сыткы Кочман университетінің профессорлары Али Аббас Чынар, Екрем Аян, Фырат университетінің профессоры Ержан Алкая, Қырғыз білім беру академиясының Мемлекеттік тіл жаңа көп тілді білім беру лабораториясының басшысы, профессор Сулайман Казыбаевич Рысбаев, Қарақалпақстанның Қарақалпақ гуманитар ілімдер ілім зерттеу институтының профессоры "Қарақалпақ әдебияты" бөлімінің бастығы Зияда Утепбергеновна Бекбергенова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Хәкім Абай" ҒЗО директоры, доцент Жабал Шойынбет және тағы да басқа ізденушілер тақырып төңірегінде мазмұнды ой айтып, пайымды пікір білдірмек.

 

Сондай-ақ аталмыш семинарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбиткул Сарсемханқызы Каримова, С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры Сабри Хизметли, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Шерубай Құрманбайұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен профессор Алтынай Тымболова,Халықаралық ТУРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі, доцент Тұрғанбаев Асқар Әбдуәлиұлы, Түркияның Фырат университеті, Мұғла Сыткы Кочман университеті,Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары мен жас ізденушілері қатысады.

 

Хакім Абай даналығы -ұлттық сананы жаңғыртудың негізі. Абайдың шығармаларын ұлықтау мақсатында мұндай шаралардың өткізілуі заманауи қазақ елінің дамуына жол ашпақ.

 

 

29.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz